Облыстық қашықтықтан өткізілетін челлендж "Өнегелі кітап - өмірлік серігің" 📚
"Ұшқан ұя"
Бауыржан Момышұлының 1974 жылы жазған кітабы. Шығармада Бауыржан Момышұлының балалық кезі мен әкесі Момыштың бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Көрнекті жазушы, гвардия полковнигі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесінде Баукеңнің есін біле бастағаннан мектепке барып, сабақ оқып бастағанға дейінгі өмірі, өскен ортасы, ауыл адамдары, кездегі қазақ халқының тұрмыс тіршілігі суреттеледі. Батырдың мейірімді, дана әжесінің тәрбиесінде болғаны, ол кісінің сан түрлі ертегілер айтып беруі Абайды еске түсірді. Ерекше ыстық әже махаббатымен, үлкендердің батасымен өскен, білім алған баланың үлкен азамат болу заңды шығар. Кітапты оқып отырып, сол кездегіқазақ ауылы,кең пейіл халық көз алдымнан көркем фильмдей өтіп жатты.Қазақы мінез, дәстүр,
өнер, шынайы суреттеулер тәнті
етеді. Сағындырады.
Автор балалық шағын,
естеліктерін арқау етіп,
бауырмалдықты, достықты,
ерлікті, адал да аңқау, қарапайым
ауыл адамдарын шебер
суреттеген.
Кейіпкерлері:
Имаш- Бауыржан Момышұлының
атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от
жанарлы, шымыр шал Имаш 1911
жылы 92 жасында дүниеден
өткен.
Қызтумас - әжесі, ертегіші, салт
жоралғыны көп білетін, ел анасы.
Момыналы - Бауыржанның әкесі,
жұрт Момыш деп кеткен.
Жасынан өлеңге жақын, еті
тірі, орысша хат таныған. ағаш ұста,
зергер, етікші, аймаққа әйгілі
сыйлы адам.
Рәзия - Бауыржан
Момышұлының анасы, Байтана
руынан Әбдірахманның қызы,
Бауыржанның үш жасында
қайтыс болыпты.
Мойынқұл - әкесінің кенже інісі,
ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді,кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу,аққұба жігіт.Қыңыр
мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш,
"Таубұзар", әжесінің айтуынша
Серкебай нағашысына тартқан.
Төлебай - Момыштың ағасы,
ұзын бойлы, кең жауырынды,
тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл
деген қызы қалды.
Үбіш - Рәзияның тұңғышы, Үбиан,
Сәлима, Әлима- Бауыржан
Момышұлының әпкелері.
Серкебай - әжесінің інісі,
нағашысы, алпысқа келіп қалған,
ан,
күрт мінез ашуы адырайып тұрған
қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны,
қысыңқы көз, ашаң жүзді,
қияқтай мұрты екі езуін жиектеп,
селдір ұзын сақалы кеудесіне
түседі. Айналасын айбарымен
мендеп алатын өркөкірек, ескі
дәуірдің қатал әміршісіндей.
Қожамқұл - ауылдағы
жалғызбасты жарлы адам. 1916
жылы қара жұмысқа алынды.
Орманқұл - Бабастың кенжесі,
орта бойлы, атжақтау, қалың қара
қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара
мұрт, қабасақал жігіт,күйші.
Тюлемесова Анель ҚФ-11 группасының студенті
#люблючитать📚
#скнигойпожизни📚