Текст
«Бурабай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдері педагогикалық колледжін бітіруші топ студенттерімен кездесті.
Олар жастар практикасы бойынша толық ақпарат берді. Жас мамандарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ететінін, ақы төлеу және өту мерзімі туралы және қатысу үшін қандай құжаттарды тапсыру керектігін айтты. Студенттерге буклеттер тапсырылды.
Біздің студенттер қызықтырған сұрақтарын қойды.