Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында.
ҚФ-21 тобының студенттері 2018 жылдың ақпан айының 19-ы мен наурыз айының 16-сы күндер аралығында «Сыныптан тыс технологиясы» атты іс- тәжірибені № 9 мектеп – гимназиясында, № 7 мектеп- лицейінде өтті. Бұл іс-тәжірибенің мақсаты- баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжірибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Іс-тәжірибе барысында мектеп ішінде өткен «Қыз сыны»байқауына оқушыларды қатыстырды. Ақмол жұлдыздарына арнап «Болашақ энергиясы»-атты макетін оқушылармен бірге жасады. Наурыз мерекесіне арнайы оқушылармен топқа бөлініп,салт-дәстүрлерге байланысты білімдерін шындап,ортаға салды. Мектеп ішіндегі көптеген іс-шаралардың көрнекіліктерін дайындауға көмектесті. Іс- тәжірибе соңында, студенттер мектеп ұжымының атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мектеп қабырғасында жай сабақтан гөрі сыныптан тыс пәндік мазмұнды қамтыған осындай іс-шаралар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлауын ұштап, қабілеттерін шыңдай түсері сөзсіз. Сондықтан да осындай игі үрдістерден қол үзбей, әркез бал білімін баптай білейік!