Оқу жылының басынан бастап «Оқу колледжі» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жоғары педагогикалық колледж кітапханасында «Әдеби калейдоскоп» клубының қатысушыларымен бірлесіп , бірінші курс студенттері үшін «Кітапхана-табыс аумағы» - атты ашық есік күні акциялары өткізілуде. Акцияның мақсаты-кітапхананы ақпараттық, білім беру және зияткерлік орталық ретінде таныстыру.
Білім алушылар кітапхананы пайдалану ережелерімен таныса отырып оқырманның құқықтары және міндеттерімен оқу қорын пайдалану сонымен қатар кітапханалық-ақпараттық қызметтерімен танысты. Кітапхана қоры бойынша экскурсияға қатысып, колледж кітапханасына жазылды.
Іс-шара барысы тартымды да қызықты өтті. Білім алушылар жалпы колледжде және кітапханада білім сапасы мен оқу сапасын арттыру барысында зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуы үшін қолайлы орта құрылғанын атап өтті.
Кітапхана меңгерушісі Марачевская Е. А.