Текст
Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінде тілдер күніне арналған апталық өтіп жатыр. Соған орай, 2023 жылғы 5 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы М. Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктантына Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі де атсалысып қатысты. Өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту. Диктантқа қатысушылардың мемлекеттік тілді сауатты жазу деңгейін және сауатты жазудың маңыздылығына назар аудартты. Колледж ұжымы және білім алушылар осы шараға белсене қатысты.