Спорт күні - бұл дені сау ұлтты қалыптастыру ісіндегі мемлекеттік саясаттың жетістіктерін көрсететін белгі. Тәуелсіз Қазақстанда спорт күні 2003 жылы құрылып, тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі . Спорт күні спорт пен дене шынықтыруға, салауатты өмір салтына деген қызығушылықты дамытуға және оятуға арналған. Спорт адамды да, әлемді де өзгертеді. Оның құндылықтары адамдардың бірлігі мен ынтымақтастығы сонымен қатар бейбіт өмір сүруіне, денсаулық пен көңіл-күй деңгейін көтеруге қызмет етеді. Спортты өмірдің мәніне айналдырған және спортпен айналысатын барлық адамдарды құттықтаймыз. Өмірде сізді «Жоғары, күшті, әрі жылдамырақ!» атты ұран сөздер жеңістер мен жетістіктерге жетелейді. Сізге денсаулық пен төзімділік, позитивтілік, керемет көңіл-күй және жауынгерлік рух тілейміз. Спорт күні құтты болсын!!!