Қазақстанда 28 сәуір мен 15 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Ел тұтастығын сақтаған рәміздердің қасиеті» атты республикалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты жастар арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңету және тереңдету.
Жаһандағы өркениетті елдерде өмір сүретін әрбір адам өз отанына, халқына, жеріне және оның тарихына деген ыстық ықылас сезімін ерекше сезінеді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің басты белгісі, ұлттың мақ-танышы, халықтың айбары екендігі белгілі.
Мемлекеттік рәміздер бүкіл әлемге танытушы әрі еліміздің өткені мен бүгінгі және болашағы арасындағы үзілмес сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Біз мемлекеттік рәміздерді әрдайым дәріптеп, құрметтеп барлық әлемдік даңққа бөленеміз.
«Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледж» ШЖҚ МКК студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ғана емес , сонымен қатар облыстың, ауданның, қаланың рәміздері туралы да көптеген қызықты және маңызды ақпараттармен таныса отырып, байқауға белсенді қатысты.
«Облыстың, ауданның, қаланың елтаңбасындағы геральдикалық рәміздер» номинациясы бойынша эссе жазуды қамтыды.
Бұл номинация бойынша I дәрежелі орынды РФ-11 тобының студенті Ринг Екатерина иеленді (жетекшісі – оқытушы Хильченко О.А.)
III орын Баяхмет Ансар, Жылкыбай Коркем, Сейсен Данагул иеленді (ғылыми жетекшісі - оқытушы Мустафина А.К. )
Еліміздің өскелең ұрпағы туған жердің бейнесі оның ұлылығы мен даналығын бейнелейтінін мемлекеттік рәміздер екенін түсінгендірі қуантады.