Ш-42 топ студенттері 16.01.2016 – 25.02.2017ж. аралығында «Дипломалды» іс – тәжірибе өтті. Іс-тәжірибе өту барысын конференция арқылы қорытындылады. Іс-тәжірибе әдіскерлері: Темірова Ғ.К, Махметова А.А, Даутов К.Қ, Сұлтанова Г.Ж. Әдіскерлер дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақтардың құрылымы мен шығармашылық жұмыс істеу барысын меңгертті. Конференция жаңарған білім беру мазмұнына сай, жоғары дәрежеде өтті.
Конференцияда студенттер іс-тәжірибе барысында қолданған жаңа педагогикалық технологияларды, жаңа әдіс-тәсілдермен сабақтар бере отырып, мұғалімнің бойындағы қабілеттерін, қасиеттерін, жұмыс істеу тактикасын меңгергендіктерін көрсете алды.
Студенттер өздеріне берілген жұмыстарды абыроймен атқарып, болашақта өз мамандығының иесі болатындығына сенім білдірді.