Текст
Астана қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған "Қазіргі басшы-техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі ресурсы" атты республикалық форум өтті. Іс-шараға Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі басшысының орынбасары А.М. Лазорский қатысып, "Таlap".КЕАҚ алғыс хатымен марапатталды. Антон Михайловичті марапаттарымен құттықтаймыз. Шығармашылық табыстар тілейміз.