Желтоқсанның 25-ші жұлдызы Щучинск қаласы, жоғарғы педагогикалық колледжінде ҚФ-41 топ студенттері «Байқау- бақылау» практикасы бойынша конференция өткізді. Конференцияға әдіскерлер: Темирова Ғалия Кеңесқызы, Темиров Ақылбай Аманкелдіұлы, бөлім меңгерушісі: Даутов Кенжебек Құрманғожаұлы, директордың оқу- өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары: Кошенова Ляззат Негметжановна және ҚФ-31 топ студенттері қатысты.
Конференция барысында іс-тәжірибеден өтушілер сабақ құрылымын толықтай көрсетіп шықты. Оның ішінде айта кетерлік:
- «Жылы лебіз», «Өрмекші торы», «Алтын балық», «Досыма хат» сияқты психологиялық ахуалдар;
- «Ашық микрофон», «Қарлы кесек», «Миға шабуыл», «Топқа бөлу», «Микс», «4 сөйлем», «Еркін әңгіме» әдіс- тәсілдерін;
- «Домино»,«Сөйлемді жалғастыр», «Сиқырлы сандық», «Адасқан әріптер» және т.б ойындар;
- «Блоб ағашы», «Аралды», «Жетістік баспалдағы», «Білім пирамидасы», «Пошта», «Миуалы ағаш» атты кері байланыстарды көрсетіп, ҚФ-31 топ студенттері арасында әдіс-тәсілдерді жүргізіп, ойындар ойнатқызды.
Конференцияның соңында әдіскерлер «Байқау- бақылау» практикасының қорытынды бағаларын шығарды.
Жалпы конференция жақсы әрі қызықты өтті, барлық студенттер белсене қатысты.