Текст
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты. Президентіміз елімізге қайғылы оқиғалардан кейін Парламент пен Үкіметтің алдына үлкен міндеттер қойды. Атап айтсақ экономикалық, әлеуметтік және білім салаларына ерекше мән берді. Мен өз елімнің патриоты болғандықтан "Қазақстан халқына" атты қор құрылатыны маған өте жағымды жаңалық болды. Яғни қарапайым халықтың жағдайы жақсаратынына кәміл сенімдемін. Жаңа сайланған премьер - министр Әлихан Смайылов қазақ халқына адал қызмет ететініне сенемін. Сұмдық жағдайлардан кейін біздің мемлекет халқымыздың бірлігі мен ынтымағы мығым болса, барлық қиыншылықтарды жеңеміз! Ел бірлігі - ел теңдігі!