Облыстық қашықтықтан өткізілетін челлендж "Өнегелі кітап-өмірлік серігің"
Менің оқыған кітабым Жүсіп Баласұғынның "Құтты білік" кітабы
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды.
«Құтты білік» дастанының мазмұнынан ұғарымыз кісі өзін-өзі құрметтеп, кісілікті болып көрінсе, өзіне ғана тән қасиеті мен тірлігін танытады, кісілерге жақсылық жасап,адамдығын асырады. Әйтеуір тірі жүріп кісі атана қою қиын, әркім де кісілік жасап қана адам атанады. Дастанның бүкіл мазмұны кісіліктің қадір-қасиеті, мән-мағынасы, қыр-сырын әңгімелеуге құрылған. «Құтты білік» жазбасының мәдени мәні орасан зор. Х-ХI ғасырларда араб-парсы Орта Азиядағы түркі тайпаларының тілін жұтып қоюға дейін барып тұрғанда, Жүсіп Баласағұнның түркі тілінде көлемді де күрделі дастан жазуы өз кезеңі үшін үлкен тарихи жаңалық болды. Дастанның көркемдік ерекшеліктері айтарлықтай биік болмаса да, осы тарихи қызметі жағынан жазба биік бағаланады. Өйткені, «Құтты білік» Х-ХI ғасырдағы Жетісу жерінде тұрған түркі тайпаларының барлық салт-санасын, әдет-ғұрпын, олардың арасындағы түрлі жіктерді, қарым-қатынасты, мәдениетін және тілін толық қамтыған шығарма.
Осы кітапты адамгершілік,адамның бойындағы қасиеттерді танып білісіздер!
Ш-12 топ студенті
Амангелді Мадина