Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы,  жоғары педагогикалық  колледжі" ШЖҚ МКК
ГКП на ПХВ "Высший педагогический колледж, город Щучинск" при  управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы ағартушы, педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсаринге-180 жыл!

28.10.2021

Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінде қазақ халқына білім нұрын шашып, сауаттылықтың алғашқы іргетасын қалаған ағартушы-педагогтың даналығы мен ұлылығын ұлықтау, насихаттау мақсатында қазақ филологиясының 3-4 курс  студенттерінің арасында «Ұлтымыздың ұлықты ұстазы-Ыбырай Алтынсаринге-180 жыл! атты интеллектуалды сайысы өтті.

    Интеллектуалды сайысты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары Темиров А.А., Темирова Ғ.К. ұйымдастырды.

    Сайыс «Өзін-өзі таныстыру», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Даналық ойдан дән ізде», «Кім жылдам», «Көркемсөз оқу» деген  алты кезеңнен тұрды.

     Сайыскерлер Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері нақышына келтіре оқып, ағартушы-педагогтың шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді.

    Сонымен қатар ақын-жазушының  әңгімелерінде айтылған ойтүйіндер, нақыл сөздері мен мақал-мәтелдері, әсіресе мектеп, мұғалім жайлы педагогикалық ойлары сайыстың мәні мен маңызын ашты.

  Интеллектуалды сайыста Ы.Алтынсаринге оқылған арнау, көрініс,   ұстаз жайлы әсем ән , мың бұралған би сахнаның сәні болды.

   Бұл сайыста ҚФ-21 топ студенттері Сүлеев Алтынбек, Оразбаев Дінмұхамед көркем сөйлеу, жүргізушілік қабілеттерімен көзге түсіп, көрермендер көзайымы атанды. Сонымен қатар осы топтағы Мамырова Ж., Мырзабаева Т., Сайлауова Н., Оразалиев Д., Темиртасова Ж., Тюлемисова А және М-41 топ студенті Қалиакпарова К,т.б. студенттер сайыстың жақсы өтуіне өз үлестерін қосты.

  Сайыс соңында қара қылды қақ жарған әділ-қазылар Даутов К.Қ., Құсайынова А.Б., Сайлауова А.А.сынды оқытушылар сайыс жайлы ойларымен бөлісіп, сайысқа қатысқан студенттерді жүлделі орындармен, арнайы номинациялармен марапаттады.

  Интеллектуалды сайыс жоғары деңгейде өтті және болашақ педагогтарға берері мол, ағартушы-педагогтың даналығы мен көрегендігінен тәлім-тәрбие алуға жетелейтін, өзіндік тәлім-тәрбиесі бар іс-шараның бірі болды деп сеніммен айтуға болады.

 

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст