Текст
Қыркүйек айы-тілдер мерекесі айы. Олай дейтін себебіміз, 5-кыркүйек қазақ тіл білімінің реформаторы Ахмет Байтұрсыновтың құрметіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі күні болса, 22-қыркүйек- Тілдер мерекесі.
Осыған орай білімнің Ақордасы саналатын колледж қабырғасында 20-қыркүйекте I-II курс студенттерінен жалпықазақстандық ашық диктант қабылданса, 21-қыркүйекте қазақ топтарының арасында «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында тіл жайлы танымдық ақпараттар айтылып, өлеңдер оқылды. Сонымен
қатар, ұлттық нақыштағы билер биленіп, студенттердің патриоттық рухын асқақтататын әсем әндер орындалды. Әдеби-сазды кештің студенттер үшін берері мол, тәрбиелік-эстетикалық жағы басым ерекше кеш болды.