2025 жылғы 16 сәуірде "Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі" МКҚК-да "Жас педагог мектебінің" кезекті сабағы өткізілді, оның жетекшісі педагогика пәнінің оқытушысы Л. В. Бичун болып табылады.
Сабақтың тақырыбы: Педагогтерге арналған психотехникалық жаттығулар. Эмоционалдық қажудың алдын алу.
Тренинг түріндегі сабақты колледж психологы Жумагулова М.Е. жүргізді. Қатысқан педагогтар кәсіби "қажу" ұғымымен, оның сипаттамаларымен, эмоцоналдық қажу белгілерінің көріну ерекшеліктерімен танысты.
Ұсынылған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі жағымсыз тәжірибелердің өзіндік көздерін талдауға, қиын, стресстік жағдайларда жағымды эмоционалды және психологиялық көңіл-күй қалыптастыру үшін ресурстарды анықтауға, психологиялық қолдау алуға бағытталған.
Психотехникалық ойындар педагогтың ішкі әлемін үйлестіруге, психикалық шиеленісті жеңілдетуге, кәсіби өзін-өзі тануды кеңейтуге ықпал етті.
Сабақтың психологиялық жайлы атмосферасы, бейнелеу және музыкалық терапияны қолдану мұғалімдердің белсенділігі мен қызығушылығын тудырды.
Бұл сабақ жас педагогтардың өзіндік дамуына, өзіне және өміріне оң өзгерістер енгізуге деген қызығушылығы мен уәждемесін арттыру үшін жағдай жасауға ықпал етті.
Педагогтың психотехникалық ойын жаттығуларды үнемі орындауы оған өзінің психикалық күйін дұрыс бағдарлауға, оларды барабар бағалауға және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту және кәсіби қызметте жетістікке жету үшін өзін тиімді басқаруға көмектеседі.