"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы  жоғары педагогикалық  колледжі" МКҚК
ГККП "Высший педагогический колледж города Щучинск при  управлении образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтың зерттеу қызметі"тақырыбында семинар-тренинг.

17.04.2025

2025 жылдың 16 сәуірінде "Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі" МКҚК базасында "Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтың зерттеу қызметі"тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг барысында инклюзия саласындағы сарапшылар мен педагог-практиктер сөз сөйледі. Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің басшысы Ибраев Марат Умербаевич инклюзивті білім беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер туралы хабарлады, сондай-ақ, педагогтардың, әсіресе инклюзивті білім беру жағдайында зерттеу қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Инклюзивті білім беру жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Венгловская  Надежда Сергеевна білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу әдістемелерін таңдау бойынша тренинг өткізді. Колледждің арнайы пәндер оқытушылары Сагитова Светлана Алексеевна мен Андреева Ольга Святославовна инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс тәжірибесі мен ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерімен бөлісті. . № 8 мектеп-гимназиясының  педагогы А. К. Бектемирова, №10 мектеп - интернатының педагогтары А. У. Хасенова, М. В. Лазаренко, А. А. Исмагулова, И. А. Николаева, №2 жалпы білім беретін мектептің педагогы  С. С.Деменчук зерттеу әдістемелерін қолдану, ЕББҚ  бар балалармен жұмысты ұйымдастыру, жеке білім беру бағдарламасын жасау кезінде зерттеу қызметінің нәтижелерін пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-тренингте инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогикалық үдерістің зерттеу ерекшеліктері талқыланды, студенттердің ерекшеліктерін зерттеудің инновациялық әдістемелері мен технологиялары таныстырылды, колледждер мен мектептерде оқу үдерісінде оқушылардың даму деңгейін зерттеудің тиімді әдістемелерін әзірлеу бойынша тәжірибе алмасу өтті. Семинар спикерлер мен қонақтар үшін мазмұнды және эмоционалды болды. Алынған білім міндетті түрде жұмыста және өмірде қолданылатын  болады.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст