"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы  жоғары педагогикалық  колледжі" МКҚК
ГККП "Высший педагогический колледж города Щучинск при  управлении образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кураторлар кеңесі

11.04.2025

 

10 сәуірде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінде кураторлар кеңесі өткізілді. Директордың оқу-тәрбие работе жөніндегі орынбасары Кинаят С.К. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша білім алушылармен профилактикалық және тәрбие жұмысы мәселелеріне басты назар аударды. Кураторлық қызметке жүйелі көзқарастың маңыздылығы атап өтілді: бос уақытты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, сабаққа қатысуды бақылау, тақырыптық кураторлық сағаттарды өткізу, білім алушылармен жеке жұмыс.

         Педагог-психолог М. Е. Жумагулова білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігі жөніндегі топтардың кураторларын «Ерте жүктіліктің, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу»тақырыбы бойынша хабардар етті. Өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушыларды ерте анықтау тетіктері, қатыгездік жағдайларын анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ, аутодеструктивті мінез-құлықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, оның ішінде интернет-тәуекелдермен байланысты профилактикасы мәселелері талқыланды .

         Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және білім беру ортасындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Студенттердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, білім беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимылдың тиімді нысандарын әзірлеу.

Просмотров: 54


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст