"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы  жоғары педагогикалық  колледжі" МКҚК
ГККП "Высший педагогический колледж города Щучинск при  управлении образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12 сәуір "Космонавтика күні"

10.04.2025

Космонавтика күніне, колледжіміздің 95 жылдық мерейтойына және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жаратылыстану-математика және әлеуметтік-экономика пәндік циклдік комиссиясының ұйымдастыруымен "Космонавтика күні" тақырыбында мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің шығармашылық жұмыстарының байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – заманауи мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, ғарыштану туралы білімді кеңінен насихаттау, танымдық қызығушылықты, шығармашылық қабілеттерін дамыту және адамзаттың ғарышты игерудегі жетістіктеріне мақтаныш сезімін қалыптастыру.

1-2 курс студенттері өз қиялындағы ғарыш әлемін түрлі мультимедиялық форматтарда – бейнероликтер, анимациялар, интерактивті презентациялар мен сайттар арқылы бейнеледі. Әр жұмыс ерекше шабытпен, жаңашыл идеялармен және техникалық шеберлікпен орындалды.

Байқау нәтижесінде ең үздік және ерекше жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және сертификаттар марапатталды.

Колледжіміздің дарынды жастарына және оларға бағыт-бағдар берген ұстаздарға алғысымызды білдіреміз! Бұл шара – тек шығармашылық қана емес, болашаққа ұмтылыс, ғылымға деген қызығушылықтың жарқын көрінісі болды!

https://www.instagram.com/reel/DIQQ8u5hYAP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Просмотров: 83


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст