Менің оқыған кітабым Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» кітабы.
«Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сыя алмайтын.
«Қазақты көргің келсе, міне, осы деп» деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын».
Сырбай Мәуленов
Мен бұл кітапты мектеп кезінен бері бірнеше рет оқыдым.Оның себебі «аққу».Аққу-адал әрі шыңайы махаббаттың белгісі.Поэмада аққу арқылы адал махаббат,пәк сезім жырланады.Ал жауыздықтың символы ретінде «сұр мерген»аңшы бейнеленеді.Аңшы жұп аққудың бірін атқанда, жұбынан айырылған екінші аққу мені де ат дегендей аңшының алдынан шығады.Бұл кезде аңшы өзінің қателігін түсінгендей, екінші рет атуға дәті бармайды.Сол кезде аққу өзін жерге ұрып мерт болады.Аққудың бұл әрекеті адал махаббаттың, сезімнің күшін көрсетеді.
«Өлімді де шіркін ғашық
Сүйгенімен бір көрді;
Жан күйігін мәңгі басып,
Жұбайымен бірге өлді!»
Мен өз басым бұл шығармадан үлкен әсер алдым.Бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын аққу құстардың бұл қасиетін ақын өте әсерлі әрі көркем бейнелейді.Бұл шығарманы оқи отыра, көзге жас алмау мүмкін емес.
Ш-32 топ студенті Барлыбай Азиза